Бүгін көп жыл еңбек еткен мектебімде болдым. Оныншы мектеп ұжымының шақыртуымен ардагер ұстаздар “Ұстаз – мектептің жүрегі” атты мерекелік шараны тамашаладық. Ұйымдастырылған концерт тамаша өтті. Бір қуанғаным – мұғалімдердің қол жеткізген табыстары өте көп екен. Республикалық, облыстық, қалалық Министрліктің, әкімдік, білім департаментінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын алған әріптестерімнің еңбектерінің еленгеніне шын жүректен қуандым.
Құрметті ұстаздар!
Мұғалім – бұл өмірде ең құрметті, ең лайықты адамдар ғана ие болатын, ерекше мақтан тұтатын мамандық.
Сіздердің еңбектеріңізді көрсететін шәкірттеріңіз. Сондықтан білімге құштар, білуге ынтық, зейіні ашық, отбасынан дұрыс тәрбие алған ақылды шәкірттеріңіз көп болсын! Қазақ елінің болашағы -өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оқытуда жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлік пен біліктілік, күш-қуат пен төзімділік, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін! Бақыт деген көңілдің тоқтығы мен жанның тыныштығы. Көңілдеріңіз тоқ, жандарыңыз тыныш болсын! Отбасыңыз аман болсын! Таңдарыңыз қуанышпен атып, күндеріңіз сәттілікке толы болсын!
Арнап шақырып, көңіл бөліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған әріптестерім қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мүшелеріне алғысым шексіз. Алла разы болсын! Бала-шағаларыңның қызығын көріп, рахатына бөленіңдер!
