«Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп» КММ Мектебімізде 2024-2025 оқу жылына арналған мектеп Президентін сайлау өтті. Сайлауға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысып, дауыс берді. Дауыс нәтижесі бойынша басым дауысқа ие болып 9 “А” сынып оқушы Ғарифулла Нұрсая мектеп Президенті болып сайланды. Сонымен қатар фракция мүшелері де сайланып, ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп президентімізге және барлық фракция мүшелеріне сәттілік тілейміз!