«Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» «Бірлік және ынтымақ» айы аясында 06.12.2024ж күні 4 және 5 сынып оқушылары «Елімнің ертеңі- Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларының «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық,біліммен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік,Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.