Skip to content

Дін және жастар

«Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де 2025 жылдың 13- мамыр күні 9 – 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін және жастар» тақырыбында Маңғыстау облысының Дін істер басқармасы ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Басбақов Жәнібек пен «Жат діни ағымдардан сақтану» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: оқушыларды жат діни ағымдардан қорғау, олардың зиянды әсерлерінен сақтандыру және еліміздің дін мен ұлттың бірлігін сақтауға ықпал ету. Теолог маманы жат діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қоғамға тигізетін зияны туралы толық түсінік берді. Бұл ағымдардың адамдарды теріс жолға салуы, әсіресе жас ұрпақты қалай адастыруы мүмкін екендігі жайында әңгімеледі. Оқушыларға дін мен дәстүрлердің ара-жігін дұрыс ажыратып, тек дұрыс ақпаратпен ғана қарулану қажеттігі баса айтылды.

https://www.facebook.com/reel/707881328412659

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *