«Қартбай Бекжанов атындағы №10 ЖББМ» КММ 12.05.2025ж. күні мектебімізде 4 және 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Мақсаты: оқушыларды зияткерлікке, шығармашылыққа, қабілеттілікке тербиелеу. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Шараға мектеп парламенті, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. Қабылданған әр оқушыны шын жүректен құттықтай отырып, оларға білім мен біліктілік, табыс пен таусылмас күш-қуат тілейміз!