«Қартбай Бекжанов атындағы №10 ЖББМ» КММ 30.04.2025ж. күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5 – 10 сыныптар арасында «Бірлік аймағы» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында оқушылар жеребе таңдап, өздеріне түскен ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін, тағамдарын ұсынып, достық, тұрақтылық,бірлік туралы әндер шырқап, би билеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты болсын!