«Қартбай Бекжанов атындағы №10 ЖББМ» КММ.
2025 жылдың 2 қыркүйек күні мектебімізде «Прокурорлық сағат» құқықтық-танымдық атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 10-11 сынып оқушылары барлығы 247 оқушы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік беру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.
Аталған іс-шараға мектепке бекітілген прокурор Әліпбаев С.С. және Ақтау қаласы ЮПБ ЖПҚб УПИ полицей лейтенанты Дәлубай А. келіп оқушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, жасөспірімдерге қатысты құқықтық нормалар және кәмелетке толмағандардың құқықтары жөнінде мазмұнды ақпараттар берді.

