28.10.2025 ж.“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-11 сыныптар арасында “Ұшқыр ой алаңы”жобасы негізінде “Заң мен заман” тақырыбында пікірсайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу, қазіргі заман талаптарына сай өз ойын дәлелмен жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлауға және шешендік қабілеттерін дамыту.
