2025 жылдың 30 қазан күні мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында мектепішілік спорттық жарыстар өтті.
Жарыстың мақсаты:
– оқушылардың спортқа және салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру;
– дене қабілеттерін, күш, ептілік пен төзімділікті дамыту;
– сыныптар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту;
– әділ бәсекелестік рухын, өзара көмек пен командалық бірлікті тәрбиелеу.
Іс-шара көңілді де достық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, спорттық жігер мен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.