Күні: 2025 жылғы 29 қазан
Тақырыбы: «Оқыту үдерісінде жасанды интеллект көмегімен заманауи дағдыларды пайдалану»
Спикері: Бегендік Дина Асқарқызы, Турлан Ляззат Айтмуратқызы
Қатысушылар саны: 20 мұғалім
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту, заманауи цифрлық технологияларды меңгеру арқылы білім сапасын арттыру және инновациялық тәсілдерді күнделікті тәжірибеде пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
Өткізілу барысы:Семинар кіріспе бөліммен басталып, қатысушыларға жасанды интеллект ұғымы, оның даму тарихы мен білім саласындағы маңызы туралы ақпарат берілді.
Баяндамашы Бегендік Д.А. Турлан Л.А. жасанды интеллекттің оқыту процесін жекелендіру, оқушы жетістігін сараптау және кері байланыс беру бағыттарындағы тиімділігін атап өтті.
Практикалық бөлімде педагогтерге заманауи AI-платформаларымен жұмыс жүргізілді:
- ChatGPT – мәтін құрастыру, тапсырма мен дескриптор жазу үлгілері көрсетілді;
- HeyGen – бейне сабақтарды автоматты түрде жасау және қолдану әдістері түсіндірілді;
- Me QR – цифрлық материалдарға жылдам қолжетімділікті қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылды;
- Kahoot – оқушылардың қызығушылығын арттыруға арналған интерактивті ойын платформасы ретінде тәжірибеде қолданылды.
- EduID – цифрлық білім беру экожүйесіндегі бірыңғай мұғалім және оқушы идентификациясының маңыздылығы мен қолдану мүмкіндіктері таныстырылды;
- EdCafe – мұғалімдерге арналған онлайн платформа ретінде оқу материалдарын әзірлеу, бағалау және сабақ жоспарларын бөлісу функциялары қарастырылды;
- Gamma – презентациялар мен интерактивті оқу материалдарын заманауи дизайнмен тез әрі кәсіби түрде жасау әдістері көрсетілді.
Қатысушылар топтық және жеке жұмыс форматында берілген тапсырмаларды орындап, өзара пікір алмасты. Әрбір мұғалім өзінің пәніне байланысты жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану идеяларын ұсынды.
Қатысушылардың пікірі:Мұғалімдер семинардың мазмұнының өзектілігін атап өтіп, көрсетілген платформалардың оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға және уақытты үнемдеуге көмектесетінін айтты. Сонымен қатар, осындай тәжірибелік семинарлардың жиі өткізіліп тұруы қажеттігі туралы ұсыныстар білдірілді.
Қорытынды:Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды және өз мақсатына толық жетті. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен сабақ тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін меңгеріп, заманауи педагогикалық тәжірибелермен бөлісті.