Ақтауда «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіледі, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады. Барлық мәліметті қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінен алуға болады.
Ақтау қаласы бойынша байланыс телефоны: 8(7292) 33-65-73
