Бейіндік пән қалай таңдау қажет? Осы постты біз әлі бейіндік пән таңдап үлгермеген болашақ талапкерлерге арнаймыз!
Ең алдымен «бейіндік пән деген не?» деген сұраққа жауап бере кетсек. Бейіндік пәндер немесе пәндер комбинациясы дегеніміз сен қалаған мамандыққа оқуға түсу үшін базалық білімді қажет ететін пәндер топтамасы.
Мысалы ретінде, сен медицинаға барғың келсе, онда биология химия комбинациясын таңдайсың. Демек сен алдымен бейіндік пәндер емес мамандық таңдағаның дұрыс.
Алайда, қандай мамандыққа баратыныңды білмесең, икемділігің жоғары пәндерді таңдағаның дұрыс. Себебі, сол пәндерге деген қызығушылығың мамандық таңдауға көмектесуі әбден мүмкін.
Талапкерлер, ҰБТ-ға бейіндік пәндер комбинациясы мен білім беру бағдарламаларының топтарын www.univision.kz. сайтынан біле аласыздар.
https://univision.kz/kk/edu-program/group/subject
