Ағымдағы жылдың 22-қыркүйегі күні жұмыс жоспарына сәйкес, мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары арасында «Мен өскенде кім болам?», «Ата-анамның мамандығы» тақырыптарында сурет салу шарасы өтті. Әр сынып оқушылары өз сыныбы алдында салынған сурет бойынша таныстырылым жүргізіп, өзінің болашақ мамандығы, арманы туралы айтып өтті. Суреттер жинақталып, үздік деп танылған суреттер мектеп дәлізінде қабырғаға ілініп, көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл шара бастауыш сынып оқушыларының қиялын ұштап, болашақ мамандығын кәзірден бастап таңдауға түрткі болмақ.





