
2025 жылғы 11 қараша күні 11 «А» сынып оқушылары университеттердің таныстырылым көрмесіне қатысты. Іс-шара барысында Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Көрмеге METU University, Turan-Astana University, Kazpotrebsoyuz University, Semey Medical University сияқты беделді оқу орындары қатысты. Университет өкілдері оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы мәліметтермен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттырды.
