Кәсіби бағдар беру жоспарына сай қараша айының 17-18 күні 1-4 сынып оқушыларын мектеп ішіндегі қызметтермен, мамандықтармен таныстыру мақсатында экскурсия жасалды. Бұл іс-шара жыл бойына жоспарланғандықтан осы жолы 1 «Г», «Д», «Е», «Ж» сыныптары ғана таңдалып алынды.
Шара барысында экскурцияны педагог-кәсіби бағдар беруші мен сынып жетекшілері Азизова А.Ш, Сарбекова Г.У, Шолпанова А.М, Эскабулова Н.Т ұйымдастырды. Оқушылар мектеп асханасына, медициналық пунктқа, кітапханаға барды. Әр орында мамандық иелері өздерінің жұмыс орны мен жұмыс барысымен таныстырып, өз мамандығы туралы ақпараттар берді. Мысалы, асхана қызметкері құрал жабдықтармен ғана емес, өзінің жұмыс кестесі туралы ақпарат берсе, кітапханашы өз мамандығынан бөлек қызықты кітаптармен де таныстырып өтті. Ал, мектептің медицина қызметкері құралдарын көрсетіп, оның қолданысын да таныстырып өтті.









