Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ата Заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбындағы танымдық сапардың мақсаты – бастауыш буын оқушыларына ел тарихы мен тәуелсіздіктің құндылығын таныту, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайы мен Форт-Шевченко тарихи-өлкетану мұражайына бару арқылы оқушыларға ұлттық мәдени мұраны, тарихи деректерді жақыннан таныстыру, ұлы тұлғалардың өмір жолын үлгі ету, туған өлкенің тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.


