Мектебімізде 28 қараша күні 2–4 сынып оқушылары арасында “Күз аруы” сайысы ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, сындарлы ойлауын және сахналық мәдениетін дамытуға бағытталған сәнді де қызықты шара өтті.
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру.
2. Өнер.
3. Қолдан жасалған көйлекпен подиумда жүру.
4. Сұрақ-жауап.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар ерекше дайындықпен келіп, өз таланттарын жан-жақты көрсетті. Қазылар алқасы әділ бағалап, жеңімпаздар мен қатысушылар мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. “Күз аруы” сайысы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылығын дамытуға үлкен серпін берді.
Сайыс қорытындысы бойынша,
1-орын
2”Б” сыныбы Алпан Аймерей
3”В” сыныбы Жасқайрат Аяна
4”Б” сыныбы Аяпберген Амина
2-орын:
2”Ә” сыныбы Әділқос Айзере
2”В” сыныбы Күнтуре Жанайым
3”А” сыныбы Бауыржан Дидар
4”А” сыныбы Берниязова Көркем
4”В” сыныбы Әділқос Айдана
3-орын:
2”А” сыныбы
Сұлтансақи Аңсарым
3”Ә” сыныбы Жазымбай Айару
4”Ә” сыныбы Болат Гауһар