Skip to content

Мамандығым мақтанышым

Қараша айының 28-жұлдызы күні, мектептебімізде түрлі сала мамандарымен 10-11-сынып оқушыларының кездесуі өтті. Бұл жолы жиынға авиация саласының қызметкерлері Туруспеков Е.К., Малыбаев Т.С., Тукбаев Ж.Т. қатысты.
Кездесу барысында мамандар авиация саласының ерекшеліктері, кәсіби талаптар, болашақ мамандығының маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Бұл іс-шара оқушылардың кәсіптік бағдар алуына оң әсерін тигізіп, олардың болашақ мамандығын таңдауы туралы дұрыс түсінігінің қалыптасуына, авиация саласына деген қызығушылығының артуына ықпал етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *