09 желтоқсан — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күнге орай мектеп инспекторы Бисенова Жарқынай Серікқызы 6–7 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, оның қоғамға әсері және алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Инспектор оқушыларға адалдық, жауапкершілік және құқықтық мәдениет туралы маңызды ақпарат беріп, кез келген құқықбұзушылықты болдырмаудың маңызын атап өтті. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара ақпараттық және тәрбиелік мақсатта жоғары деңгейде өтті.

