Skip to content

“Тәуелсіз елдің жастары қандай”?

2025 жылдың 10 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні аясында 9-сынып оқушылары арасында

“Тәуелсіз елдің жастары қандай”? тақырыбында дебат өткізілді. Бұл шарада оқушылар өз ойларын еркін айтып, еліміздің тәуелсіздігі мен болашағы туралы пікір алмасты.

Патриоттық сезім – елді сүйіп, оған адал қызмет ету! Дебат барысында оқушылар қазіргі жастардың елге деген сүйіспеншілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін талқылап, әртүрлі көзқарастарды ортаға салды.

Бұл дебат оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, патриоттық сезімді нығайтуға және елдің болашағына деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Тәуелсіздіктің маңыздылығын түсініп, оны қадірлеу – бүгінгі жастардың міндеті!

Дебат сайысының басында “Дебат қозғалысының” жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Медетова сөз сөйлеп, оқушыларға өз Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға, өздерін еркелетіп өсіріп отырған Қазақстан елінің халқын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болулары тиіс екендіктерін алға тартты. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге міндетті екенін атап өтіп, болатын дебат сайында топтарға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде «Жалын» және «Алаш» топтары жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен және тәттілермен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *