Желтоқсан айының басында кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 8 «В» сынып оқушылары Дусенбаев Алихан мен Пыжанов Нұржан өз ата-аналарының жұмыс орнына экскурцияға барды. Ата-аналарының мамандығына сай атқаратын жұмыстарын, жұмыс барысын бақылап, өздері де сол маман иесі ретінде кейбір тапсырмаларды орындап көрді.
Дусенбаев Алихан анасы Жумагалиева Самал Болатовна оқушылар сарайында кадрлар бөлімінде қызмет етеді. Бір күнгі жұмыс барысында анасы алдымен жұмыс орнын көрсетіп, күнделікті қандай қызмет атқаратынын түсіндірді. Мекеменің ішінде қызметкерлермен жұмыс жүргізу, құжаттарды рәсімдеу, қызметкерлерді қабылдау және оларды қолдау сияқты негізгі міндеттердің қалай орындалатынын үйретті.
Пыжанов Нұржанның анасы Пыжанова Евгения Владимировна іс жүргізуші болып қызмет етеді. Алдымен, жұмыс орнын, қызмет бабында қолданылатын құралдарды, техниканы таныстырды. Сондай-ақ жұмыс уақытын, әріптестерінің атқаратын қызметтері турлы да қысқаша ақпарат беріп кетті. Ал өзінің күнделікті жұмысы барысында арыз бойынша бұйрық шығаруды, оны бұйрық журналына тіркеуді және қызметтік хат жазуды үйретті. Сонымен қатар, басқа да қызметтік құжаттарды жазуды көрсетті.
Бұл экскурция арқылы оқушылар ата-аналарының жұмысымның маңызын жақсырақ түсініп, күнделікті еңбегі туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ, өздері үшін жаңа, таңсық мамандықтардың әлемін ашты.


