Skip to content

Қос кездесу

Желтоқсан айының алғашқы апталарында екі бірдей маманмен кездесу өткізілді. Шара мазмұны нақты мамандыққа қатысты болмаса да, шара барысында қонақтар өздерінің еңбек жолы, мамандықты қалай таңдағаны, сонымен қатар өз қызметтерінің қызығы мен шыжығын айтып өтті.
Алғашқы кездесу, еріктілер күні қарсаңында Корнеев Роман Сергеевичпен өткізілді. Жиынға мектеп парламенті өкілдері мен қызығушылық танытқан оқушылар қатысты. Кездесу барысында Роман Сергеевич еріктілер қызметі, бұл қызметке қалай келгендігі туралы айтып өтіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар өз тараптарынан толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Екінші кездесу, 19 жыл тәжірибесі бар акушер-генеколог дәрігер, «Aimeken clinic» орталығының негізін қалаушы Аймекен Сагира Энгельсовнаның қатысуымен өткен жиын. Жиын барысында жеке гигиена, денсаулық күтімі туралы ақпараттардан да бөлек, дәрігер өзінің қызметі, бұл мамандықты қалай таңдағандығы туралы да ақпарат берді.
Бұл кездесулер оқушыларға тек танымдық ақпарат беріп қана қоймай, өздерінің болашақ мамандығын таңдауда сеп болады деген ойдамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *