11.12.2025 жылы мектебімізде ЕБҚ оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» атты шығармашылық кеш өткізілді. Мақсаты:оқушылардың өзін-өзі еркін ұстап,көпшілік алдында өнер көрсетуге баулу, коммуникативтік және топпен жұмыс істеу дағдыларын нығайту. Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, сахналық қойылымдар көрсетті. Балалар өз қиялын дамытып, өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар мен ұстаздар да шараға белсенді қатысып, оқушылардың шығармашылығына қолдау көрсетті. Шара соңында ата-аналар ризашылығын білдіріп,жылы лебіздерін айтты.
Ұйымдастырушы: Узденбаева Надежда Ондагановна және педагог ассистенттер.