15.12.2025 жыл. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай осы мемлекеттік мерекеге арналған ресми іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті: өлеңдер оқыды, хор болып ән айтты, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспаптар — домбыра мен жетігенде өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама өскелең ұрпақтың бойында ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға, отансүйгіштік сезімді дамытуға және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталды.
Іс-шараның мақсаты — патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын дәріптеу.