Skip to content

“Ашық алаң”

31 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Шуманова А.Х,Кулбаева А.М. сынып жетекшілерге “Ашық алаң”өткізді.

Ашық алаң» тақырыбы:сынып жетекшілердің озық тәжірибелері.

Мақсаты:Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектеп тәжірибесінде жиі кездесетін тәрбиелік жағдаяттарды бірлесе талқылау арқылы тиімді шешу жолдарын анықтау, өзара тәжірибе алмасу мен ашық пікір алмасуға жағдай жасау.

Іс-шара барысында «Сынып жетекшілердің чемоданы» тренингі және «Пікір шкаласы» тренингі өткізілді. Сонымен қатар «Алғыс» тренингін мектеп психологы Заманова Н.Қ. жүргізді.

Ашық алаң аясында сынып жетекшілерге жағдаяттық ситуациялар мен кейстер ұсынылып, қатысушылар берілген тапсырмалар бойынша өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында «Ашық микрофон» ұйымдастырылып, сынып жетекшілерге қызықты әрі өзекті сұрақтар қойылды. Қатысушылар сұрақтарға ашық түрде жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізді.

Ашық алаң сынып жетекшілер тарапынан жоғары бағаланып, іс-шараның мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *