30 желтоқсан күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Шуманова А.Х,Кулбаева А.М. ата-аналарға коучинг өткізді.
Коучинг тақырыбы: Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі.
Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасы тәрбиесінің қоғам дамуындағы рөлін түсіндіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру жолдарын айқындау.
Коучингте Қазақстандық қоғамның бағалы азаматын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі туралы кіріспе ой қозғалып, қысқаша мотивациялық сұрақтар қойылады. Ата-аналар 3 топқа бөлініп оларға түрлі тапсырмалар беріледі: тарсия әдісі бойынша мақал-мәтелдердің табу, постер қорғау, ситуациялық сұрақтарға жауап беру. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша мағыналы видеоролик көрсетілді. Кулбаева Асемгул Мейрмановна су мен стакандар арқылы тәжірибе жасайды, бұл тәжірибеде баланың өміріндегі ата-ананың, мектептің, достарынын, қоғамның рөлін көрсетеді. Коучинг соңы «Возвращались мама с сыном » атты бейнеролик көрсетіледі, бұл бейнеролик арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңызы ашылады.