“Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп” КММ Ағылшын тілі пәні мұғалімі Унгарбаева Алтын Серикбаевна “Мерейлі отбасы – 2024” байқауына өз отбасымен қатысты. “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы – адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған іс – шара.
Байқауды өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, имандылық, руханилықты нығайту, ерлі – зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата – аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай – газ, білім, денсаулық сақтау, өнер, кәсіпкерлік және т.б. салаларынан құралған 54 отбасы қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінде 14 отбасы жолдама алды. Оның ішінде ұстаздар династиясы, өнерлі әулеттер, кәсіпкер отбасылар, ата кәсібін ұрпақтан – ұрпаққа мирас еткен еңбек әулеттер бар. Атап айтқанда :
-Ақтау қаласынан: Жайлиевтер отбасы, Рзаевтар отбасы.
-Жаңаөзен қаласынан: Қаспаевтар отбасы, Орынбаевтар отбасы
-Бейнеу ауданынан: Құсайыновтар отбасы, Бурашовтар отбасы қатысты. Ағымдағы жылдың 3 – қыркүйегінде “Хан -Шахар” салтанат сарайында “Мерейлі отбасы -2024″ ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Маңғыстау облысының әкімі атынан ” Мерейлі отбасы -2024″ байқауында Унгарбаева Алтын Серикбаевна өз отбасымен лауреат атағын алды.
Құттықтаймыз


